Кен іздеушілікке арналған лицензияның
қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 275-бабына сәйкес, Елемесов Асқар Мейрамұлының кен іздеушілік учаскесінен өз еркімен толық бас тарту туралы өтінішін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесін зерттеп-қарау актісін қарастыра отырып, БҰЙЫРАМЫН:
- Елемесов Асқар Мейрамұлына 2025 жылғы 25 тамызда берілген № KZ92VZJ00000456 «Алтыншоқы» учаскесіндегі кен іздеушілікке арналған лицензияның қолданылуы учаскеден толық бас тартуына байланысты тоқтатылсын.
- Кен іздеушілік учаскесі бойынша міндеттемелердің орындалғаны ескерілсін.
- Лицензияның қолданылуының тоқтатылғаны туралы мәліметтер тиісті ақпараттық жүйеге енгізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Елемесов Асқар Мейрамұлына жолдансын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысының орынбасарына жүктелсін.
Басшының м.а Н. Сағындық