АНЫҚТАМА
2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ қарауына келіп түскен жолданымдар туралы
2026 жылдың 9 айында Министрліктің орталық аппаратына (қайта
жолданған жолданымдарды қоса алғанда) 210 334 жолданым келіп түсті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (143 837) 66 497 жолданымға немесе 46,25 %-ға көп:
ЕХӘҚМ-ге – 48 489 жолданым
(2025 жылы – 42 047, 6 482 жолданымға немесе 15,43 %-ға өсті);
Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне – 7 932 жолданым
(2025 жылы – 5267, 2655 жолданымға немесе 50,60 %-ға өсті);
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне – 16 556 жолданым (2025 жылы – 9 369, 7 187 жолданымға немесе 76,71 %-ға өсті);
КМ-ге – 2 343 жолданым
(2025 жылы – 1 365, 978 жолданымға немесе 71,65 %-ға өсті);
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне – 34 330 жолданым
(2025 жылы – 24 197, 10 133 жолданымға немесе 41,88 %-ға өсті);
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттеріне – 75 093 жолданым
(2025 жылы – 43 826, 31 267 жолданымға немесе 71,34 %-ға өсті);
ведомстволық бағынысты ұйымдарға («ЕРДО» АҚ, «МӘСҚ» АҚ, «МАК» ӨСК» АҚ, «ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК, «ӘҚСД ҰҒО» ШЖҚ РМКАҚ) – 25 591 жолданым
(2025 жылы – 16 440, 9 151 жолданымға немесе 55,66 %-ға өсті).
ЖОЛДАНЫМДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЕҢ КӨП КЕЛІП ТҮСКЕНІ:
150 059 өтініш, 23 453 шағым, 2 973 ұсыныс және 33 788 басқа түрдегі жолданым (хабарлама, сұрау салу, үн қосу).