Бала тууға және бала күтіміне жәрдемақы тағайындау

"Бала тууға және бала күтіміне жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www. egov. kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);

3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген жағдайда);

4) екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияда тіркеген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні;

порталға, екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілеріне жүгінген кезде немесе проактивті қызмет кезінде – өтініштерді тіркеудің электрондық журналында тіркеген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні.

2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге қандас мәртебесі бар адамдарға жәрдемақы тағайындауға өтініш білдірген кезде қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)ұсынылады;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген кезде-некені (ерлі-зайыптылықты) жасасу, бұзу туралы куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу немесе бала асырап алу кезінде-балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәлімет;

3) баланың мүгедектігі туралы анықтама.

Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін-Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарын есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.

 Мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы мәліметтерді, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы, сондай-ақ баланың туу туралы актілік жазбасынан үзінді көшірмені, неке қию, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы, сондай-ақ баланың туу туралы куәлігінің белгіленгенін растайтын құжатты ұсыну туу туралы актілік жазбадан бала асырап алуы туралы мәліметтер, ақпаратты растау кезінде банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер талап етілмейді, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес көрсетілген құжаттарда қамтылады.

порталға:

жәрдемақы тағайындау үшін-Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтініш.

проактивті қызмет арқылы:

жәрдемақы тағайындау үшін-көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну.

 Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің (куәлігінің) мәліметтері немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, баланың мүгедектігі туралы анықтама, Неке (ерлі-зайыптылық) жасасу (бұзу) туралы куәлік, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер, электрондық өтініште көрсетілген өтініш берушіні Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.

Порталда жәрдемақыларды тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама беру арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

Проактивті қызмет арқылы қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама арқылы ұсынылады.

 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;

6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтерді алған кезде өтініш берушіге Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат табыс етіледі.

Өтініш беруші құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде өтініш берушіге Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/documents/details/1094838?lang=kk