Халықтыңсанитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығысаласындағы
тергеп-тексеружүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 19.10.2026ж жылғы №51.52 «Шигеллез» дерттемесімен шұғыл хабархат. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп –тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы №69 бұйрығы
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Мәртөк аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі_20.10.2026ж-29.10.2026ж
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
ЖШС «Нұр-Ай бөбек» бөбекжай бақшасы, Сарыжар ауылы , Жаңақоныс көшесі 31В
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Жіті инфекциялық аурулармен байланыстарды есепке алу журналы жургізілмеген, бұл "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы, 12 қосымша.3 тармақ бұзушылығы болып табылады. Науқаспен байланыста болған адамдарға медбикемен медициналық бақылау 7 күн сұрау,қарау, термометрия жүргізу арқылы жүргізілмеген, бұл «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 бұйрығы. 2 тарау, 12 тармақ бұзушылығы болып табылады.
Ұлттық сараптама орталығы Ақтөбе облысы филиалы Мәртөк аудандық бөлімшесі 27.10.2026ж №2260002189349100 хаттама негізінде зертханалық тексеруге алынған 20 шайынды сынамасының , 3 шайынды сынамасында (кастрюл 1 тағам, кастрюл 2 тағам, ожау) ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталған, бұл дегеніміз жуғыш және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, жабдықты жуу.тазалау кезінде дезинфекциялау дұрыс жүргізілмегендігін көрсетеді, бұл «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығы, 4 тарау, 55 тармақ бұзылуы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы.
нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе).заңды тұлғалар: жеке тұлға
- Қабылданғаншаралар: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама №261546450000016 29.10.2026ж. 43250 теңге айыппұл 29.10.2026ж өндірілді.