Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8240 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 1-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.».
- «Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін электрондық түрде жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі М. Шымырбеков