«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы

 

1.

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

 

 «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы  (бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер

(тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып)

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабы.

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобамен Әдістемеге жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қаржылық және мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және қаржылық емес мемлекеттік шараларының тиімділігін талдау бөлігіне өзгерістер енгізу көзделуде.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды.

6.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/documents/details/1094698?lang=kk