2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы.

1

Жобаның атауы

2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 16 «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы» өкімі.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелерінің сипаттамасы

Хаттама жобасы ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы контейнерлерді өткізу тәртібін жеңілдетуге, кедендік транзит мәселелерін бірыңғай реттеуді және кедендік рәсімдерді жетілдіруді көздейді, кедендік баждар мен салықтарға қатысты мәселелерді келісуге, электрондық құжат айналымын одан әрі біріздендіруге және ЕАЭО жалпы процестері шеңберінде ақпараттық өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған   түзетулер кешенін қарастырады.

 

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Мақсаты - кедендік операцияларды оңайлату және ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету. Хаттаманы жасасудың жоспарланған мерзімі - 2026 жыл. Ережелері Хаттама күшіне енгеннен кейін іске асырылады.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік рәсімдерді оңайлату, кедендік нормаларды қолдану тәртібін нақтылау және кеден органдары арасындағы ақпарат алмасуды жақсарту.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/documents/details/1094679?lang=kk