Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «ҚазМедТех» АҚ-да жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитті аяқтады. Оның қорытындысы бойынша қаржылық тәртіпті нығайту, ашықтықты қамтамасыз ету және қоғамды басқару тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар айқындалды.
Аудит 2024 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңді қамтыды. Тексеру барысында қызметтің белгіленген көрсеткіштеріне қол жеткізу және еңбекақы төлеу қорын жоспарлау мәселелері бойынша жекелеген кемшіліктер анықталды.
Аудит нәтижесінде Министрлік Қоғамға тиісті аудиторлық есеп пен анықталған кемшіліктерді жоюға және ішкі бақылау тетіктерін күшейтуге бағытталған нақты тапсырмаларды қамтитын Денсаулық сақтау министрінің шешімін жолдады.
Қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға, тәуекелдерді уақтылы анықтауға және ықтимал бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Мұндай аудиттерді жүргізу денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдардың есептілігін қамтамасыз етуге, қызметінің ашықтығын арттыруға және жұмысын жетілдіруге бағытталған Министрліктің жоспарлы жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Министрлік аудит ұсынымдарының орындалуын бақылауды және ведомстволық бағынысты ұйымдардағы басқару тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.