Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы

Жақсы ауданының елді мекендері

аумағындағы жергілікті қоғамдастық

жиналысының Регламентін бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының Үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса берілген Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті бекітілсін.

  2. Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 наурыздағы № 7ВС-23-2 «Жақсы ауданы елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 165044 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                             А. Бралина

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/documents/details/1054831?lang=kk