№ 9 округтік сайлау комиссиясы келіп түскен құжаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабына сәйкес қарастырып, 2026 жылғы 29 қазанда № 9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Шал ақын ауданы мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеді:
Қозкенов Бекболат Бағытжанұлы, 1999 жылы туған, Шал ақын ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі, спорт әдіскері, Шал ақын ауданы Жалтыр ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Джумабаев Батырхан Ашимханұлы, 1984 жылы туған, «Сергеевка 2050» ЖШС, директоры, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында тұратын, «Әділет» партиясынан ұсынылған.
№ 9 округтік сайлау комиссиясы