«Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 39-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 104-бабына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
  2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
  3. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

              1) бір ай мерзімде әділет органдарында қайта тіркеуден өткізу;

  • осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау тапсырылсын.
  1. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (қоса беріледі) бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                                          А. Сартов

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/documents/details/1094458?lang=kk