2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақкөл ауданы әкімінің есептік кездесулері барысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары

 

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақкөл ауданы әкімінің есептік кездесулері барысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерін

іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары

(Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 12 маусымдағы №А-6/130 қаулысы)

 

№

р/с

Іс-шаралар

 

Орындау мерзімі

Ескерту

1.       

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымды айқындау жөніндегі конкурстық рәсімдерді аяқтау

2026 жылғы

1 шілдеге

дейін

 

Ауданда жалпы ұзындығы 180,5 км болатын аудандық маңызы бар 12 автомобиль жолы бар. Жыл сайын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымды айқындау мақсатында конкурс өткізіледі. 2026 жылға арналған аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы күтіп-ұстау жұмыстары (қиыршық тас және топырақ жолдардың жабындысын тегістеу және профильдеу, жол жиектеріндегі шөптерді шабу) бойынша өткізілген конкурс қорытындысына сәйкес жеңімпаз болып «АТП «Сервис» танылды. Жалпы сомасы 17,2 млн теңгеге шарт жасалды. Жұмыстар шарттық міндеттемелер шеңберінде орындалды.

2.       

Кемеркөл ауылында көшелерді жарықтандыруды орнату жобасын іске асыруға қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру

2026 жылғы

1 қыркүйекке дейін

Наумов ауылдық округі әкімінің аппараты Кемеркөл ауылындағы көшелерді жарықтандыру жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы сомасы 5,8 млн теңгені құрайтын сметалық құжаттаманы әзірледі. Аталған жобаны іске асыруға аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер ұйым ретінде «DA-Электро» компаниясы анықталып, онымен тиісті шарт жасалды. Шарттық міндеттемелерді орындау аясында Кемеркөл ауылындағы Бейбітшілік және Еңбекші көшелерінде жалпы ұзындығы 850 метр болатын көше жарықтандыру желісін тарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 20 жарықтандыру бағанасы орнатылып, 20 жарық шамы монтаждалды.

3.       

Ақкөл қаласындағы Островский және А. Майқұтов көшелерінің жол төсеміне қиыршық тас төсеу және тегістеу жұмыстарын жүргізуге ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

2026 жылғы

1 шілдеге

дейін

 

Ақкөл қаласының автомобиль жолдарын тегістеу және грейдерлеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 8,3 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер ұйым болып «Адал-Капитал» ЖШС анықталып, аталған компаниямен тиісті шарт жасалды. Шарттық міндеттемелерді орындау аясында Ақкөл қаласындағы А. Майқұтов және Островский көшелерінде жол төсемін грейдерлеу және қиыршық тас төсеу жұмыстары орындалды.

4.       

Шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жөніндегі іс-шараларды сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде Қарағаштағы мұсылман зиратына арналған жер учаскесін рәсімдеу

2026 жылғы

1 тамызға

дейін

 

Еңбек ауылында Қарағаш елді мекені маңындағы зиратқа жер учаскесін рәсімдеу мүмкін болмады, себебі аталған жер учаскесі орман қоры жерлеріне жатады. Осыған байланысты зираттың орналасу орнын өзгертіп, басқа жер учаскесін бөлу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта барлық қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталып, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар алынды.

 

5.       

Еңбек ауылындағы Нұрмағамбетов көшесінің жол төсеміндегі ақауларды жою бойынша «АРКА-К» ЖШС мердігер ұйымының кепілдік міндеттемелерінің орындалуын бақылауға алу

2026 жылғы

1 қыркүйекке дейін

2026 жылғы 27 тамызда «АРКА-К» ЖШС кепілдік міндеттемелерін орындау аясында жол жабынының бүлінген учаскелерін асфальттау, шұңқырларды бітеу және анықталған жол ақауларын жою жұмыстарын жүргізді.

6.       

Стрельцов көшесіндегі көпір құрылысының су тасқыны кезеңінде бұзылуын болдырмау мақсатында су өткізу құбырын орнату және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2026 жылғы

1 тамызға

дейін

 

2026 жылы аудандық бюджеттен 2,5 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша қызмет көрсетуші болып «Imperial ST» жеке кәсіпкерлігі анықталды. Жасалған шартқа сәйкес Новорыбинка ауылындағы Стрельцов көшесінде су өткізу құбырын орнату жұмыстары көзделді. Аталған жұмыстар толық көлемде орындалды. Сонымен қатар, 2026 жылғы тамыз айында Новорыбинка ауылындағы Қолутон өзенінде су басудың алдын алу және тасқын сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, өзен арнасын тереңдету, аса проблемалық учаскені өсімдіктерден тазарту, сондай-ақ ірі кесекті тас төсеу арқылы өзен жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol/documents/details/1094441?lang=kk