2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарының жобалары

№

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.       

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері

 

Атырау облысының тұрғындары, әлеуметтік осал топтар, жас өсіпірімдер, жастар, жұмыссыздар, мешіт жамағаты, мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының білім алушылары, өзін өзі қамтушылар еңбек мигранттары кәсіпкерлер және т.б

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру нәтижесінде азаматтардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен адамдардың діни көзқарастарын түзету, радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру және олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету күтіледі. Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралу қаупін төмендету, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың дәстүрлі діни құндылықтар туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру көзделеді.

2.       

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында Атырау облысы АТТ мүшелерінің қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

Атырау облысының тұрғындары, әлеуметтік осал топтар, жас өсіпірімдер, жастар, жұмыссыздар, мешіт жамағаты, мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының білім алушылары, өзін өзі қамтушылар еңбек мигранттары кәсіпкерлер және т.б

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында Атырау облысы ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерінің қызметін ұйымдастыру нәтижесінде халықтың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына жол бермеу, деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы иммунитет қалыптастыру және қоғамда дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау күтіледі. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру арқылы тұрғындарға діни мәселелер бойынша дұрыс әрі объективті ақпарат жеткізу, жастар арасында радикалды көзқарастардың алдын алу, халықпен кері байланысты нығайту, діни тұрақтылықты, конфессияаралық келісім мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ету көзделеді.

3.       

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында тұрғындар арасында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыратын интернет-радионың жұмысын жүргізу бойынша қызметтер

 

Атырау облысының тұрғындары, әлеуметтік осал топтар, жас өсіпірімдер, жастар, жұмыссыздар, мешіт жамағаты, мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының білім алушылары, өзін өзі қамтушылар еңбек мигранттары кәсіпкерлер және т.б

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында тұрғындар арасында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыратын интернет-радионың жұмысын жүргізу бойынша қызметтер

 

4.       

Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын материалдарды анықтау тұрғысынан интернет ресурстарға тұрақты мониторинг жүргізу қызметі

 

Атырау облысының тұрғындары, әлеуметтік осал топтар, жас өсіпірімдер, жастар, жұмыссыздар, мешіт жамағаты, мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының білім алушылары, өзін өзі қамтушылар еңбек мигранттары кәсіпкерлер және т.б

Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын материалдарды анықтау мақсатында интернет-ресурстарға тұрақты мониторинг жүргізу нәтижесінде радикалды және деструктивті діни идеологияны насихаттайтын ақпараттық материалдарды, жарияланымдар мен өзге де контентті уақтылы анықтау, олардың таралу ауқымын бағалау және тиісті шаралар қабылдау үшін, интернет кеңістігінде экстремистік мазмұндағы ақпараттардың таралуын шектеуге ықпал ету, тұрғындардың діни экстремизм мен терроризм идеологиясына ұшырау тәуекелдерін төмендету, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту және қоғамда діни тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделеді.

5.       

«Қазақстандық дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және діни экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату қызметі».

Атырау облысының тұрғындары, әлеуметтік осал топтар, жас өсіпірімдер, жастар, жұмыссыздар, мешіт жамағаты, мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының білім алушылары, өзін өзі қамтушылар еңбек мигранттары кәсіпкерлер және т.б

Қазақстандық дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және діни экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату нәтижесінде халықтың ұлттық және рухани құндылықтарға деген құрметін арттыру, діни сауаттылығын қалыптастыру, деструктивті діни идеологияның алдын алу және оған қарсы иммунитетті нығайту күтіледі. Сонымен қатар, тұрғындарды діни экстремизм мен терроризмнің қауіптері туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-din/documents/details/1094360?lang=kk