Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 29 қазанда №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:
- Бейсехан Нұрсұлтан Боранбайұлы, 1992 жылы туған, ұлты қазақ, "Жарқайың аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК анестезиолог-реаниматолог дәрігер, Жарқайың ауданы Державин қаласында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі, «Әділет» партиясынан ұсынылған;
- Магизамов Торемурат Серикович, 1987 жылы туған, ұлты қазақ, "Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Қостычев ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жарқайың ауданы Костычево ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
- Казканов Аманат Жаксылыкулы, 1992 жылы туған, ұлты қазақ, "Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі" ММ әдіскер, Жарқайың ауданы Державин қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
№ 6 Округтік сайлау комиссиясы