Ерейментау аудандық мәслихатының № 9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Ерейментау аудандық мәслихатының № 9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша №9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:

Қасенов Мерей Бегендікұлы, 1988 жылы туған, ұлты қазақ, «Әділет» партиясы Ерейментау аудандық филиалының төрағасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Малтабар ауылында тұрады, «Әділет» партиясынан ұсынылған;

Қасым Гүлжазира, 1970 жылы туған, ұлты  қазақ, «Торғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ техникалық қызметкері, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Торғай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Манушкина Татьяна Олеговна, 2003 жылы туған, ұлты  орыс, «Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» ММ статисі, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Округтік сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen/documents/details/1094114?lang=kk