Ерейментау аудандық мәслихатының № 6 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Ерейментау аудандық мәслихатының № 6 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша №6 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:

 Рақыш Дастан Нүсіпханұлы, 1995 жылы туған, ұлты  қазақ, «Ракишев» шаруа қожалығының басшысы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауылында тұрады, «Әділет» партиясынан ұсынылған;

Хужин Азамат Наилович, 1994 жылы туған, ұлты  башқұрт, «Олжабай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Шахаева Ақжарқын Жомартқызы, 1991 жылы туған, ұлты  қазақ, Ақсуат ауылы кітапханасының кітапханашысы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ақсуат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Округтік сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen/documents/details/1094107?lang=kk