Ерейментау аудандық мәслихатының № 5 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша №5 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:
Әбішева Салтанат Қанатқызы, 1991 жылы туған, ұлты қазақ, «Әділет» партиясының консультанты, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
Күнкенов Махсұт Ислямбекұлы, 1966 жылы туған, ұлты қазақ, Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің музыканты, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
Самарқанов Дәулет Мұратбекұлы, 1982 жылы туған, ұлты қазақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің шебері, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, «Әділет» партиясынан ұсынылған.
Округтік сайлау комиссиясы