Ерейментау аудандық мәслихатының № 4 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша №4 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:
Абилов Нұржан Қасенұлы, 1977 жылы туған, ұлты – қазақ, «Ауыл Эко табиғат» ЖК басшысы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Қойтас ауылдық округінің Сәрсен қыстауында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
Алдасығұров Алдияр Мерекеұлы, 1989 жылы туған, ұлты – қазақ, Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, «Әділет» партиясынан ұсынылған.
Округтік сайлау комиссиясы