Ерейментау аудандық мәслихатының № 1 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша №1 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:
Абжиков Медеу Ерболавич, 1980 жылы туған, ұлты – қазақ, Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, «Әділет» партиясынан ұсынылған;
Қожахметова Маржан Серікбайқызы, 1990 жылы туған, ұлты – қазақ, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ іс жүргізушісі, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
Палий Юлия Николаевна, 1988 жылы туған, ұлты – украин, «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК бухгалтері, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Округтік сайлау комиссиясы