АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА 31.10.2026 04:34 Қаралым: 6 Положение АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы г. Қонаев 27 наурыз 2026 жыл I. КІРІСПЕ «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы: «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі: Басқарма басшысының 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 5-Ө бұйрығы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылдың I, II, III, IV тоқсандары. Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 460 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады (бұдан әрі – Ереже). Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Басқарма жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асырады. Басқарманың миссиясы мен негізгі міндеттері: халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу. Өз құзыреті шегінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, көші-қон, әлеуметтік әріптестік, мемлекеттік-жекешелік әріптестік салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 1. объектінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2. объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖАСАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН СЕБЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫ АНЫҚТАУ 1. Талдау объектісінің қызметіне қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер: 1. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі; 2. Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы; 3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы; 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары»; 5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары»; 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 1050 қаулысымен бекітілген «2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы»; 7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары»; 8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесі, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптар, олардың жалақысын субсидиялау мөлшері мен мерзімдері». Басқарманың құрылымы Қазіргі таңда Басқарманың қарамағында 10 ведомстволық ұйым және Еңбек мобильділігі орталығы (бұдан әрі – ЕМО) бар, оның құрамында 10 мансап орталығы (бұдан әрі – МО) жұмыс істейді. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру кезіндегі тәуекелдер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі, жұмыс берушілерді іріктеу, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тетігі, сондай-ақ жалақының субсидияланатын бөлігін төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларымен» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесі, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптар, олардың жалақысын субсидиялау мөлшері мен мерзімдерімен» реттеледі. «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) ережелеріне жүргізілген талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын бірқатар нормалардың бар екенін көрсетті. Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жұмысқа орналастыру жұмыссыз ретінде тіркелген күні бойынша кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Алайда, осы қағидаттың сақталуын бақылаудың жеткілікті тетіктері жоқ, бұл оның бұзылу және жекелеген тұлғаларды басым тәртіппен жіберу тәуекелін туындатады. Қағидалардың 37–41-тармақтарына сәйкес жалақының субсидияланатын бөлігін төлеу жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Бұл тетік нақты жұмыс істелген уақыт туралы жалған ақпарат беру және төлем сомаларын асыра көрсету тәуекелдерін тудырады. Қағидалардың 29-тармағы жұмыс орындарына баруды бақылауды көздейді. Іс жүзінде мониторинг тек көшпелі тексерулер арқылы жүргізілуі мүмкін, алайда қатысушылар саны мен ресурстардың шектеулі болуына байланысты мұндай тексерулерді толық көлемде жүргізу мүмкін емес. Бұл жалған жұмыспен қамту тәуекелін туындатып, еңбек міндеттерінің нақты орындалуын бақылаудың тиімділігін төмендетеді. Сонымен қатар, бір тұлғалар мен жұмыс берушілердің субсидияланатын жұмыс орындары бағдарламаларына қайта-қайта қатысу тәуекелі де бар екенін атап өткен жөн, өйткені қолданыстағы шектеулер уақытша сипатқа ие және қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуға көшуін толық қамтамасыз етпейді. Аталған тәуекелдерді азайту мақсатында жұмыс берушілерді іріктеудің автоматтандырылған тетіктерін енгізу, жұмыс орындарын бөлудің ашық әдістемесін әзірлеу, субъектілердің аффилиирленуін тексеруді күшейту, нақты жұмыспен қамтылуды бақылау құралдарын кеңейту, оның ішінде іріктемелі көшпелі тексерулер жүргізу, сондай-ақ бас тарту негіздерін нақтылау және жалған мәліметтер ұсынғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту орынды болып табылады. Аталған шараларды қабылдау рәсімдердің ашықтығын арттыруға, адами фактордың ықпалын төмендетуге және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асырудың ашықтығын арттыруға ықпал ететін шаралар 1. «Еңбек нарығы» АЖ-да жалған жұмыспен қамтуды, бір тұлғалардың қайта қатысуын және аномалияларды анықтау үшін ЖИ-талдауды енгізу. 2. enbek.kz порталындағы жеке кабинет арқылы материалдарды жүктей отырып, жұмысқа орналастыру мен оқытуды фото және бейнетіркеу. 3. Нақты қатысуды растау үшін мобильді қосымша, QR-кодтар және геоаймақтар арқылы геолокациялық тексеру жүргізу. 4. «Артықшылық берілетін» тізімдерді қалыптастыруды болдырмау үшін кандидаттарды қызметкерлердің қатысуынсыз автоматты түрде жіберу. 5. Жалған жұмыспен қамту анықталған жағдайда қаражатты қайтару тетігін және бұзушылықтар үшін әкімшілік шараларды енгізу арқылы жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту. 6. Бас тарту негіздерін нақтылау, критерийлерді бірізді қолдану және қатысушылардың құқықтарын қорғау мақсатында екіұшты нормаларды алып тастау. 7. Бір тұлғалар мен жұмыс берушілердің қатысу жиілігін шектеу және тұрақты жұмыспен қамтуға көшуді қамтамасыз ету үшін қайталама қатысуды мониторингтеу жүйесін енгізу. Ұсынымдар: Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныстар жолдау. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мәселелері бойынша тәуекелдер Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мәселелері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен» (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі. Аталған Қағидаларға қосымша мемлекеттік көрсетілетін «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес, жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін «шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін» ұсынады. Алайда, іс жүзінде жұмыс берушілер шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттарының нотариат куәландырған электрондық көшірмелерін ұсынады. Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына «шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжатының нотариат куәландырған электрондық көшірмесі» бөлігінде өзгерістер енгізу қажет. Ұсынымдар: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына «шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжатының нотариат куәландырған электрондық көшірмесі» бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесі бойынша хат жолдау. Е. Байқоныс Басқарма басшысынын орынбасары А.Есжанова Арнаулы әлеуметтік қызметтер үйлестіру бөлімінің басшысы Р. Катпина Мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Т.Малтакбаев Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік әріптестер бөлімінің бас маманы М. Төлеген Бюджеттік жоспарлау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы М.А.басқарма басшысы Е Байқоныс DOCX · Жүктеу Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/documents/details/1094090?lang=kk