Қосымша білім беру саласында "CREATIVE TEACHER LAB"жобасы басталды

Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 18 қыркүйектегі №710 бұйрық негізінде қосымша білім беру ұйымдары арасында «CREATIVE TEACHER LAB» аудандық жобасы іске қосылды.

Жобаның негізгі мақсаты – қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және инновациялық идеяларды тәжірибеге енгізу.

Бүгін жобаның алғашқы кезеңі – «IDEA MARKET» шығармашылық идеялар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға Ақжайық балалар музыка мектебінің, Балалар-жасөспірімдер туризм орталығының және Балалар шығармашылық орталығының педагогтері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық идеяларымен бөлісті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-akzhaik/documents/details/1094054?lang=kk