2027 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС ЖОБАЛАРЫН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімі 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жария талқылау Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Жария талқылау 2026 жылғы 30 қазан мен 13 қараша аралығында онлайн форматта ұйымдастырылады.

Талқылау барысында ұсыныстар, пікірлер мен ескертулер жазбаша түрде бөлімнің ресми электрондық поштасына k.kuanysh@korda.gov.kz  немесе ауызша түрде тел: 79-2-80/6923/ байланыс телефоны арқылы қабылданады.

Қазалы ауданының тұрғындарын, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерін жария талқылауға белсенді қатысып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіруге шақырамыз.

 

Жобалар тізіміне сілтеме :

https://www.gov.kz/org/kyzylorda-kazaly/documents/details/1093838?lang=kk

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/documents/details/1093847?lang=kk