1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары
|
№ |
Жабаның тақырыбы |
Жоспарланған қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетітілген негіздеме |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
2027 жылға арналған «Қазалы ауданы көлеміндегі қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру |
10 087 000 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелерін атап өту, ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны дәріптеу, азаматтық бірегейлік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қажеттілігіне байланысты негізге алынды. |
мемлекеттік мерекелердің мәні мен маңызы кеңінен насихатталады, ұлттық құндылықтарға құрмет артады, азаматтық-патриоттық тәрбие нығайып, тұрғындардың мәдени іс-шараларға қатысу белсенділігі жоғарылайды. |
|
2 |
2027 жылға араналған «Қазалы ауданында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру бағытында шаралар ұйымдастыру» қызметі. |
2 500 000 |
ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлық «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы |
Отбасылық шараларды өткізу арқылы отбасылық құндылықтарды нығайту, әлеуметтік мәселелерді анықтау және шешу жолдарын ұсыну, үлгілі отбасылар тәжірибесін тарату, жас отбасыларды қолдау бағытында жобалар бойынша ұсынымдар алу |
|
3 |
2027 жылға «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі |
4 200 000 |
Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаты, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, сондай-ақ діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамда діни сауаттылықты арттыру және радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалар негізге алынады. |
Халықтың діни сауаттылығы артып, терроризм мен діни экстремизмнің қауіп-қатері туралы ақпараттану деңгейі көтеріледі. Радикалды діни идеологияның алдын алу, қоғамдағы діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстардың тиімділігі артады. |
|
4 |
2027 жылға «Қазалы ауданында сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тиімді шараларын іске асыру» әлеуметтік қызметі |
4 300 000 |
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы
|
Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасып, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының тиімділігі күшейіп, қоғамда адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттары нығаяды. |
|
5 |
«Қазалы ауданы бойынша 2027 жылға мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру» бойынша өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік қызметі |
10 650 000 |
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы №285-V «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы. |
Қазалы ауданындағы жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы артып, азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімі қалыптасады. Жастардың шығармашылық, зияткерлік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалады. Жастар арасында құқықтық сауаттылық, волонтерлік қызмет, салауатты өмір салты насихатталып, мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі. |