«Шемонаиха ауданының 2026 жылғы 9 айда әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» АҚПАРАТ

«Шемонаиха ауданының 2026 жылғы 9 айда

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»

АҚПАРАТ

 

1.                Өнеркәсіп

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауданда сомасы 139,9 млрд. теңгеге  өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейіне 108,5%. Нақты көлем индексі 91,7% құрады.

Тау-кен өнер кәсібі саласында сомасы 99,7 млрд. теңгеге өнім өндірілген, өткен жыл деңгейіне 104,1%. Нақты көлем индексі 84,6%. 921,4 мың тонна мыс-мырыш кені өндірілді (90,1%), мыс концентраттары 53,5 мың тонна (83,9%), мырыш концентраттары 33,5 мың тонна (74,4%), 3,0 мың тонна қорғасын концентраттары (60,0%) өндірілді. Өндірілген кендегі концентраттардың төмендеуі бірқатар ұсақ линзаларға ауысумен байланысты.

Өңдеу өнер кәсібінің өндіріс көлемі 36,0 млрд. теңгені құрады, өткен жыл деңгейіне 121,8%. Нақты көлем индексі – 118,1%. Өндіру көлемі:

 - азық-түлік – 111,0%, оның ішінде өсімдік майы111,0%, дайынмал азығы 123,2%;

- жеңіл өнеркәсіп – 121,6%: киім өндіру – 126,3%;

- машина және құрал-жабдықтарды жөндеу – 134,0% ұлғайды.

 

2. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жалпы көлемі 43,0 млрд. теңгені құрады, өткен жылғы деңгейге 113,6%. Нақты көлем индексі – 108,8%.

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,9 млрд. теңге. Нақты көлем индексі – 103,1%.

Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында 22 056 бас ІҚМ бар (2025 жылға 112,0%), оның ішінде сиыр 9 864 бас (119,8%), қой және ешкі                 10 212 бас (80.4%), шошқа 3 731бас (85,7%), жылқы 2 696 бас (80,5%),  құстар           58 593 бас (112.7%).

Тірідей салмақта 2,3 мың тонна (78,9%) ет, 35,4 мың тонна (115,9%) сүт,          5 556,7 мың дана (87,9%) жұмыртқа өндірілді.

Ауданда 10 сүт - тауар фермасы, 3 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді.

Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 29,1 млрд. теңге. Нақты көлем индексі - 111,7%.

Астық және дәнді – бұршақты ауыл шаруашылығы дақылдарын  жинау аяқталды:

- күздік қара бидай алқаптан 0,9 мың га, орташа өнімділік 18,6 ц/га, жалпы алым 1,52 мың тонна;

- сұлы 1,2 мың га алаңнан жиналды, орташа өнімділік 13,9 ц/га, жалпы алым 1,73 мың тонна;

- бұршақ 4,1 мың га алаңнан жиналды, орташа өнімділік 16,1 ц/га, жалпы алым 6,6 мың тонна;

- арпа 4,4 мың га алаңнан жиналды, орташа өнімділік 18,0 ц/га, жалпы алым 43,6 мың тонна;

- бидай 33,6 мың га алаңнан жиналды, орташа өнімділік 16,2 ц/га, жалпы алым 54,4 мың тонна.

- қарақұмық 0,7 мың га, орташа өнімділігі 20 ц / га, жалпы алымы - 1,4 мың тонна;

- рапс 0,96 мың га, орташа өнімділігі 18,4 ц / га, жалпы алымы – 1,8 мың тонна;

Күнбағыс 53,4 мың га алқаптан жиналды (88%), орташа өнімділік 20,4 ц/га, (2025 жыл – 22,2 ц/га).

2026-2027 жылдардағы малдың қыстауы үшін 40,8 мың тонна шөп (қажеттіліктен 100%),  53,8 мың тонна пішендеме (100%), 12,7 мың тонна сабан (100%), 93,1 мың тонна сүрлем (100%)  дайындалды.

Аудан аумағында 1 951 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істейді (1 309 бірлік түрлі модификациядағы тракторлар, 24 егіс кешені, 269 топырақ өңдейтін техника (тырма, қопсытқыш), 349 бірлік сепкіш. 1 472,0 млн. теңге сомасына 48 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы сатып алынды (2025 жылы есепті кезеңде 1 230 млн. теңгеге 37 бірлік).

2027 жылғы егінге 5,0 мың гектар күздік дақылдар, оның ішінде 4,2 га бидай, 0,8 га қара бидай егілді.

 

3. Шағын бизнес

Тіркелгендердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі 96,3% (2 066/1 990) құрайды. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 1 990 бірлікті құрайды, өсу қарқыны – 89,0%  (2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша – 2 237 бірлік). 247 бірлікке төмендеді, себебі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін енгізу, ол қызметті жүргізудің неғұрлым қарапайым шарттарын көздейді: ең төменгі салық жүктемесі, бухгалтерлік есеп жүргізу міндетінің болмауы және оңайлатылған есептілік.

ШОК субъектілерінің бюджетке салық аударымдарының сомасы 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4,3 млрд. теңгені, 128,6% құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 18,7 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны 2025 жылғы деңгейге қарағанда 114,8% құрады. Нақты көлем индексі - 103,1%.

Көтерме сауда айналымының көлемі 33,8 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 2025 жылғы деңгейге қарағанда 310,3%. Нақты көлем индексі -288,4%.

Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде:

- «Өрлеу» бағыты, 698,9 млн. теңгеге 2 жобаны қаржыландыру мақұлданды, оның ішінде: «Шемонаиха ұн тарту-құрама жем комбинаты» ЖШС - 686,5 млн. теңге, «Сивер плюс» ЖШС - 12,4 млн. теңге;

- гранттық қаржыландыру бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің лимиттері мен қолдауы, ЖК А. А. Степанова 1 жоба, жүк көлігі мен жартылай тіркеме сатып алу - 38,0 млн. теңге, кепілдік сомасы 18,6 млн. теңге;

- жобаларды субсидиялау бағыты, ЖК М. К. Самекеновтың 1 жобасы, жұмыс істеп тұрған дүкенді жаңғырту - 15,0 млн. теңге;

- көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары және айналым қаражатын толықтыру шеңберінде жобаларға кепілдік беру бағыты 1 224,2 млн. теңге сомасына 3 жоба, кепілдік сомасы 1 040,4 млн. теңге: «Белокаменское» ЖШС - 198,8 млн. теңге, кепілдік сомасы - 168,9 млн. теңге, «Три солнца» ЖШС -37,7 млн. теңге, кепілдік сомасы 32,0 млн. теңге, «Шемонаиха ұн - құрама жем комбинаты» ЖШС - 987,7 млн. теңге, кепілдік сомасы 839,5 млн. теңге.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 121,5 млн. теңге сомасына 10 жоба қаржыландырылды.

1. «Содружество Уба» ӘКК, жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу жөніндегі жабдық 31,7 млн. теңге;

2. ЖК А. Худяков, қоғамдық тамақтану үшін жабдықтар сатып алу                  10,8 млн. теңге;

3. ЖК О. Утепова, тиегішті сатып алу 10,8 млн. теңге;

4. ЖК Н. В. Фоминых, ара шаруашылығын дамыту 10,0 млн. теңге;

5. ЖК А. Жәнібек, жартылай фабрикаттарды өндіру және қайта өңдеу үшін жабдықтар сатып алу 10,14 млн. теңге;

6. ЖК Г. И. Куприянов, тиегішті сатып алу 10,8 млн. теңге;

7. Ю. Н. Банников ШҚ, борттық автокөлік сатып алу 10,1 млн. теңге;

8. ЖК Е. А. Медельцев, ара шаруашылығын дамыту 7,5 млн. теңге;

9. ЖК Е. Р. Жумагельдинов, тиегішті сатып алу 10,2 млн. теңге;

10. ЖК С. Н. Боровский, ұсақ мал өсіру 8,9 млн. теңге.

 

4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешен

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 26,0 млрд. теңгені құрады, 87,9%, нақты көлем индексі 82,8%, жеке инвестициялар 24,6 млрд. теңге, 93,3%, нақты көлем индексі 88,0%.

Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 19,6 млрд. теңге, өткен жыл деңгейіне 78,6%, нақты көлем индексі 73,2%.

Инвестициялар мен құрылыс жұмыстары бойынша көрсеткіштердің төмендеуі «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік алаңында салымдар мен жұмыстардың азаюымен байланысты.

Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға беру 4 170 шаршы метрді құрады, (101,4%).

5. Бюджет

Жеке табыс бойынша аудан бюджеті 103,3% орындалды, жоспар бойынша 4 075,4 млн. теңге, нақты түскені 4 211,8 млн. теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда 80,8%. Бюджеттің 4 деңгейінің орындалуы 213,2%  құрады, жоспар бойынша 462,6 млн. теңге, 986,3 млн. теңге түсті.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражат – 97,3% игерілді, 4 594,6 млн. теңге жоспардан, 4 472,5 млн. теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттағы қалдықтары 122,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде: облыстық бюджеттен трансферттерді қаржыландырмау – 118,4 млн. теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, Қазынашылық органдарына  төлем шоттарын жай ұсыну – 1,3 млн. теңге, төлемге растайтын құжаттардың болмауы - 1,2 млн. теңге, іссапарлар кестесін өзгерту, еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу, құжаттарды орындамай қайтару – 0,8 млн. теңге, дөңгелектеу есебінен– 0,3 млн. теңге.

 

 

 

 

6. Халықты жұмыспен қамту

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 416 772 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне өсу қарқыны 112,3%. Нақты еңбекақы индексі 101,2 %құрады.

         2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 678 адамды құрады, ол 2025 жылғы деңгейден 11,7% жоғары (2025 жылғы 01 қазанға - 607 адам). Тіркелген жұмыссыздар санының өсуі зиянды еңбек жағдайларынан босатылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш білдірген азаматтар санының ұлғаюымен байланысты, бұл ретте өтініш білдіргендердің едәуір бөлігі одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастырмайды. Жұмыссыз ретінде тіркелу тек әлеуметтік төлем алу үшін қажет.

555 тұрақты жұмыс орны құрылды (2025 жылғы 1 қазанға – 376 орын), 444 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту қызметіне жүгінендер санынан аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 29,5% құрады (2025 жылдың 01 қазанына – 34,6%). Төмендеу 2025 жылдан бастап құрылған тұрақты жұмыс орындарының қатарына және жұмысқа орналастырылған азаматтардың санына әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын аударудың болуы бойынша ғана енгізілуіне байланысты.

         Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 109 адам тартылды (2025 жылғы          1 қазанға – 196 адам), жастар тәжірибесіне 13 адам (2025 жылғы 1 қазанға –         13 адам),  әлеуметтік жұмыс орындарына 9 адам (2025 жылғы 1 қазанға – 13 адам) жолданды.

Ағымдағы жылғы 9 айда 56 өтініш берушіге (239 алушы) 29,2 млн. теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді (2025 жылғы          9 айда: 59 өтініш беруші, 251 алушы, 26,1 млн. теңге). Динамика: өтініш берушілер саны 5,1%, алушылар саны 4,8% азайды, орташа төлем 11,9% ұлғайды.

 

7. Білім беру

Ауданда 5 019 оқушысы бар мемлекеттік 23 және 1 жеке жалпы білім беретін мектеп, 477 баланы қамтитын 2 қосымша білім беру мекемелері, 1 127 баланы қамтитын 14 балабақша,12 бірлікшағын орталықтаржұмыс істейді.

          3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 2-ден 6 жасқа дейін – 99,3%. МДБҰ кезектілік – 0-ден 1 жасқа дейін - 125 бала, 2-ден 6 жасқа дейін – 22 бала.

          Кадрларды даярлауды 2 колледж жүзеге асырады, оқушылар саны 506 студент, оның 443 (87,5%) мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқиды.

         

8. Денсаулық сақтау

2026 жылғы 1 қыркүйекке 190 адам туылды, 2025 жылдың ұқсас кезеңінде 216 (26 адамға аз), 399 адам қайтыс болды,өткен жылы 419 адам (20 адамға аз). Нәресте және ана өлімінің жағдайлары тіркелген жоқ.

2026 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында:

- қатерлі ісіктерден болатын сырқаттанушылықтың 7,3% (100 мың тұрғынға шаққанда 303,2), туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 7,2% (100 мың тұрғынға 32,2), қатерлі ісіктен өлім – жітімнің 26,0% (100 мың тұрғынға шаққанда 7528) төмендеуі;

- қан айналымы жүйесі ауруларынан сырқаттанушылықтың 6,5% (100 мың тұрғынға 2 884,7), қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім - жітімнің 20,8%  (100 мың тұрғынға шаққанда 211,48) артуытіркелді.

Туберкулезден болатын өлім - жітім 100 мың тұрғынға 2,5, өткен жылғы деңгейде қалды.

 

9. Құқықтық тәртіпті сақтау

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте аудандағы жедел жағдай тіркелген қылмыстар санының 26,7% азаюымен сипатталады (2025 жылғы 206 - дан 2026 жылы 151-ге дейін). Қылмыстардың жалпы ашылуы 75,9 (2025 жылғы                          1 қазандағы жағдай бойынша – 79,9%).

20 ЖКО жасалды, онда 29 адам зардап шекті, 4 адам қаза тапты                     (2025 жылғы 1 қазанға - 21 ЖКО, зардап шеккендер –25, қаза тапқандар 4).

 

 

Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы                                                             А. Самойлова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/documents/details/1093828?lang=kk