№ 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 28 қазанда № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:
Орынбаев Дулат Төлебайұлы, 1979 жылы туған, ұлты қазақ, «Көкшетау» МҰТП РММ Шалқар бөлімшесінің директоры, Айыртау ауданы Лобанова ауылында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі, «Әділет» партиясынан ұсынылған.
Әбілмәжинов Мұса Жомартұлы, 2000 жылы туған, ұлты қазақ, Айыртау ауданы ветеринарлық станциясы директорының м.а., Айыртау ауданы Құмтөккен ауылында тұрады, партияға қатысы жоқ, өзін-өзі ұсынған.
Округтік сайлау комиссиясы