Қармақшы ауданының №96 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20 бабының 12 тармағына және Қармақшы ауданының №3 бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссиясының 2026 жылғы 29 қазандағы Қошалақов Әділ Үсенұлының Қармақшы аудандық мәлихат депутатына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамасын негізге алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қошалақова Меңсұлу Асқарқызы Қармақшы ауданының №96 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауы 2029 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда облысы Қармақшы ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтатылсын.
  2. Осы қаулы Қармақшы ауданының №96 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.

 

Төраға                                                   Р. Ефенов

 

Хатшы                                                  Г. Жубаидаев

           

 

 

Жосалы кенті

29 қазан 2026 жыл

№АСК-26/268

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/documents/details/1093743?lang=kk