Профилактикалық кездесу

2026 ж. 29 қазанда Әдеп жөніндегі уәкіл Жабулов Т.А. Забелов ауылы әкімінің аппаратының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік түрлері, жұмыс уақытында, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта және іссапарда болған кездегі қызметтік әдеп стандарттары мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік қызметшілердің назары әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге, киімдегі іскерлік стильді және зайырлы мінез-құлық стандарттарын сақтауға аударылды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу тақырыбы қозғалды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1093709?lang=kk