2026 жылғы III тоқсанда Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсеткен мемлекеттік қызметтердің саны және бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есепке түсіндірме жазба

Павлодар облысының ветеринария саласында төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсетеді.

«Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін ведомстволық бағынысты ұйым – «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК қалалық және аудандық бөлімдері арқылы көрсетеді.

2026   жылғы III тоқсанда:

-«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі – 1 қызмет;

-«Ветеринариялық анықтама беру» – 21847 қызмет;

-«Ветеринариялық паспорт беру» – 47 қызмет;

-«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» – 0 қызмет көрсетілді.

Павлодар облысының ветеринария басқармасы басшысының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №147 «2026 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес,                2026 жылғы III тоқсанда «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК Тереңкөл аудандық бөлімінің Песчаное, Октябрьское, Жанақурулыс, Алтай, Байконыс, Береговое, Ивановский, Томарлы, Тереңкөл, Ивановского, Жанабет және Аулиеағаш  ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттерінде бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптардың 4 бұзушылық фактісі анықталды.

Қызмет алушылардың өтініштерін толық толтырмай, ветеринариялық анықтамаларды жүйелі түрде беру. Бұл бұзушылық ҚР АШМ 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда» белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің (бизнес-процестің) сақталмауы болып табылады.

2026 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарынан өтпеуі.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөнінде 6 ұсыным енгізілді. Барлық ұсынымдар толық көлемде орындалды.

 «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін көрсету мәселелері бойынша 39 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Жалпы қамтылған халық саны – 1219 адам.

Ақпараттық жадынама 2/427 көлемінде орналастырылды.

Сонымен қатар, 2026 жылғы шілде айында аудандық бөлімдердің ауылдық округтердегі ветеринариялық пункт меңгерушілері шаруа қожалықтарының басшылары мен ауылдық елді мекен тұрғындарының қатысуымен 12 талқылау өткізді. Іс-шараларға 100 адам қатысты.                                                    Халықты ақпараттандыру мақсатында Басқарманың сайтына  мемлекеттік қызметін 2026 жылғы 2 тоқсанда  көрсетілген саны және түсініктемесі және инстаграмға жүргізілген бақылау іс-шаралардың нәтижесі  еңгізілді. Сілтемесі:

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-veterinariya/documents/details/1044451

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-veterinariya/documents/details/1044451?lang=kk--

        Тамыз айында Ветеринариялық станцияның ветеринарилық мамандармен жүргізілген бақылау іс-шаралардың нәтижесі  туралы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету  бойынша екі кездесу және ветеринарлық станциянаң мамандарымен жергілікті тұрғындармен 13 қоғамдық талқылаулар өткізілді, қатысқан адамның саны 568,  ақпараттар екі тілде инстаграмм бетінде  https://www.instagram.com/p/Db2yLPxjE8t/?img_index=1,       және Павлодар облысы ветеринария басқармасының ресми сайтында жарияланды: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-veterinariya/press/media/details/86882?directionId=83789&lang=ru

2026 жылдың 03 тамызында инстаграм және Басқарманың ресми сайтында  мемлекеттік және орыс тілінде “Ауылшаруашылығы жануарлардың мәліметтердің жаңарту (түзету) ” ақпарат еңгізілді.

2026 жылдың қыркүйек айында 12 түсініктеме іс-шаралары жүргізілді, оған 124 адам қатысты.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-veterinariya/documents/details/1093690?lang=kk