«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін қалай сапалы және тез алуға болады

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін қалай сапалы және тез алуға болады

 

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (көрсетілетін қызметті берушілер) жеке және заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушыларға) Е-лицензиялар, БКМБЖ АЖО электрондық жүйелері арқылы көрсетеді.

Жеке және заңды тұлғалар электронды түрде өтініш бере алады: көптеген қызметтер eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді, бұл қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін өзекті.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беруге өтінішті қабылдау «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

Өтініш беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі:

- жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы оң қорытынды (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабының 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу;

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке басын куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін - көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын толық ұсынбауы, сондай-ақ:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер және Құрылыс кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

           3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға келісуші органдардың теріс жауабы;

           4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
       Осы шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдана алады (Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 91-бабына сәйкес).

 

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың жеке кабинеті, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

   

 

    «Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ

        

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikara-zhitikarin/documents/details/1093686?lang=kk