Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезектен тыс
елу тоғызыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
-
Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-
Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-52-2 «Жақсы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-
Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай–ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органы комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
-
Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 6ВС-38-6 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешімін жою туралы
-
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы.
-
Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы.
-
Жақсы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 3 шілдедегі № 8С-56-5 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
-
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясын бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина