Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің сапалы жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзекті ету (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.08.2024 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
- Осы бұйрыққа 16-қосымшағасәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2026 № 118 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасынасәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
- Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
- Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
- Қағидаларда 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал және қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
- Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке кабинетке мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
- Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар қабылданған күні оларды басшыға тапсырады.
- Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады және жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не объект салу, қызмет көрсету, орналастыру үшін ұсынылған жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жолдайды.
- Құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды.
- Объектінің құрылысы, қызмет көрсету, орналастыру үшін берілген жер учаскелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін кадастрлық құжаттамамен сәйкестендіреді, сәулет-жоспарлау тапсырмалары талаптарының сақталуын тексереді, қорытынды дайындайды және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттiк корпорацияға жер учаскесi шекараларының өзгермейтіндігі туралы мәлiметтерді беру туралы сұраным жолдайды, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің нәтижелерін қарастырады.
- Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жинақтап қорытындылайды, жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасын әзірлейді;
2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасымен келіседі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім жобасына қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесі жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасау үшін жолданады.
- Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын әзірлейді.
Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шартқа қол қояды.
- Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган басшысының қолы қойылған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қояды.
Уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын уақтылы жасамау не оны жасаудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады.
- Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану не уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
- Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
- Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
- Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
- Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағынасәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
|
|
"Жер учаскесінің жалдау |
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
10 (он) жұмыс күні ішінде. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара цифрландырылған/қағаз түрінде). |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-14.30-ке дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 17.00-ға дейін; |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
"Жер учаскесінің жалдау |
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартуға өтініш
___________________________________________________ мекенжайы
(мекенжайы (орналасқан жері), жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)
бойынша орналасқан, алаңы_______ гектар жер учаскесіне жаңа мерзімге
_______ жылға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану
(жалдау) ________________________________________________________ үшін
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
құқығын беруіңізді сұраймын.
Дербес деректерімді және "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының қолы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде/электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
20___жылғы " __" _________
|
|
"Жер учаскесінің жалдау |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:
_____________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
_____________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі):
мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші
_____________________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы "____" __________________
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда– ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2026 № 118 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасынасәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
- Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заң) айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;
5) кадастрлық (бағалау) құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
8) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
- Мемлекеттік қызметті:
1) елді мекендер жерлерінің жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды – Мемлекеттік корпорация;
2) елді мекендердің жерлерін қоспағанда, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Мемлекеттік институт) көрсетеді.
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
- Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың қатысушыларынан 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт арқылы, не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның/Мемлекеттік институттың операциялық залының жұмыскері (оператор) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
- Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпия сөзді беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруді, қабылдауды және Тізбеде көрсетілген құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде құжаттар қабылдаған күні тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;
3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді айқындайды;
4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) мұрағат істерін, (жер-кадастрлық істерін және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті басқа материалдарын) сұратады және ЖМБМК ЦЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Егер елді мекен жерлерінде орналасқан жер учаскесі ЖМБМК ЦЖ қабаттарында (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) көрсетілмеген, бірақ бұл ретте Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты бар болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекенде орналасқан ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекен жерлерінде орналасқан елді мекеннің белгіленген және өзекті шекаралары, жер учаскесінің бағалау аймақтары және жер учаскесінің өзекті шекаралары жоқ жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекен жерлерінде орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығында пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ жұмыскері Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін дайындайды (бұдан әрі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі) және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;
5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін тексереді және Мемлекеттік корпорация басшысына қол қоюға жолдайды;
6) Мемлекеттік корпорация басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
7) құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы жібереді;
8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті жеке басын не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік корпорацияға портал арқылы жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарын қабылдауды, құжаттардағы деректердің және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) сәйкестігін тексеруді және құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға құжаттарды қабылдаған күні 3 (үш) минут ішінде береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушының өзі жауапты;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және ЖМБМК ЦЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекен жерлерінде орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығында пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға жүгінген кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастыру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
елді мекендер жерлерінде орналасқан жер учаскелері бойынша елді мекеннің, бағалау аймақтарының және жер учаскесінің белгіленген, өзекті шекаралары болған кезде ЖМБМК ЦЖ-да жұмыстарды жүргізу үшін қажетті құжаттардың болуын тексерудің цифрландырылған процесі жүзеге асырылады, кестелер мен қабаттардан (елді мекен шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) ақпарат жиналады, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастыру 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырылады;
4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні тексереді және Мемлекеттік корпорацияның басшысына қол қоюға жолдайды;
5) Мемлекеттік корпорацияның басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
6) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
- Мемлекеттік институтқа жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік институттың жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды құжаттарды қабылдаған күні ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға береді;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді және жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекендер жерлерін қоспағанда жер учаскелері бойынша құжаттар келіп түскен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін ЖМБМК АЖ-мен сәйкестендіреді, түзету коэффициенттерінің есебін жасайды, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеуді жүргізеді.
Елдi мекендер жерлерін қоспағанда, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін берiлетiн жер учаскелері бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін қалыптастыру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Елді мекендер жерлерін қоспағанда ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық құнын анықтау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің түзету коэффициенттерінің есебін жасайды, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеуді жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ жұмыскері жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;
4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам жер учаскесінің түзету коэффициенттерінің есебін және кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні тексереді және Мемлекеттік институттың басшысына қол қоюға жолдайды;
5) Мемлекеттік институттың басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
6) Мемлекеттік институттың кеңсе жұмыскері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді;
7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік институттың жұмыс графигіне сәйкес жеке басын не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты, не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
- Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 5-қосымшағасәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдаудың өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік институт мемлекеттік қызметті көрсету не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі не Мемлекеттік институттың кеңсесі арқылы беріледі.
- Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне кешіктірілмей енгізілуін қамтамасыз етеді.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға/Мемлекеттік институтқа және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
- Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік институттың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік институт басшысының, жер ресурстарын басқару бойынша орталық уәкілетті органның (бұдан әрі – ведомство) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді. Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
- Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт, ведомство – ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Мемлекеттік корпорацияның/Мемлекеттік институттың, ведомствоның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
- ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағынасәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
|
|
"Жер учаскесінің кадастрлық |
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
1) елді мекендер жерлерінің жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); |
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) Мемлекеттік корпорация: |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
1) Мемлекеттік корпорация: электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде; |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құны "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың 1.3.1, 1.3.2, 1.3.3 және 1.3.4-тармақтарына сәйкес мөлшерде есептеледі. |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін; |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы: |
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті тікелей Мемлекеттік корпорация арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. |
|
|
"Жер учаскесінің кадастрлық |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш
Елді мекендер жерлерінде/елді мекендер жерлерін қоспағанда орналасқан (қажеттінің астын сызу), алаңы _____ гектар, шаруашылық орталығы (ауыл, кент)
_____________________________________________________________________ _________________(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау бойынша жұмыстарды жүргізуді сұраймын.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бұдан бұрын берілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде):
____________________________________________________________________
________________________________________________
Дербес деректерімді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. Көрсетілетін қызметті алушы
______________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "____" __________.
|
|
"Жер учаскесінің кадастрлық |