Қызылорда облысы әкімдігінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 11 «Салықтық емес түсімдер бөлінісінде облыстық бюджеттің салықтық емес түсімдері жөніндегі уәкілетті органдардың және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін айқындау туралы» қаулысы.

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Салықтық емес түсімдер бөлінісінде облыстық бюджеттің салықтық емес түсімдері жөніндегі уәкілетті органдардың және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы         Д. Жаналинов

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-economy/documents/details/1093331?lang=kk