ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
🔷 Шымкентте қала тұрғындарын жеңілдетілген шарттармен баспанамен қамту жұмысы жалғасуда. Жаңа үйлерден тағы 30 отбасы пәтер кілттерін алды. Кілттерді табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
🔷 Пәтерлер Ақжайық, Бозарық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Бұл үйлер пайдалануға беріліп, қажет инженерлік желілерге қосылған және белгіленген құрылыс талаптарына сай келеді.
🔷 Баспана алу құқығына төлем қабілеттілігін растаған азаматтар ие болды. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.
🔷 Айта кетейік, жеңілдетілген шарттармен пәтер беру қала тұрғындарының баспаналы болуына қосымша мүмкіндік береді. Шымкент қаласының әкімдігі тұрғын үй қорын дамыту және баспананың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.