https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600040199
"Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер
учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер
учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан
әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін
11 / 22
қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының
1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ
үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік
қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін
айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер үлесі – жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге
қатысудың Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) және
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және
жағдайларда бөліп шығарылуы мүмкін сан жағынан айқындалған үлесі;
2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі –
жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және
құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;
3) жария кадастрлық карта (бұдан әрі – ЖКК) – Қазақстан Республикасының жер,
құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті),
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік
органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық
карта;
4) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі –
жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен
электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың
өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану
мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық
үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық
базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік
органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа,
сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін
қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық
қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын
пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін
және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер
жиынтығы);
7) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар
көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе
мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не
өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті
материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе
әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды
тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
8) көрсетілетін қызметті беруші – "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар
көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық
12 / 22
мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы
аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық
округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
9) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі – мемлекеттік
қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы арқылы көрсету процесін цифрландыруға және мониторингтеуге
арналған цифрлық жүйе.
10) Бірыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы
уәкілетті орган айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және
өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік
органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша
ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын
орындайтын заңды тұлға.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, аудандардың және кенттердің,
ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті
беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)
көрсетеді.
"Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер
учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ортақ үлестік меншіктегі немесе
ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеуге арналған
өтінішті және Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні
ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын
өтініш келіп түскен жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күні
көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы
байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен
немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу
арқылы берілген құжат иесінің келісуі болған жағдайда, іске асырылған интеграция
арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.
6. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс
күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен
басталады.
13 / 22
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген
кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі
жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер
пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу үшін:
1) жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті береді, ЖКК-да өздігінен тиісті жер
учаскесін дербес таңдайды және ресімделуге тиіс жер үлесінің өлшемдерін көрсетеді
(жер үлесінің алаңы шаршы метрмен көрсетіледі);
2) өтініш автоматты түрде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік
кадастрының цифрлық жүйесіне көрсетілетін қызметті берушінің қарауына келіп
түседі;
3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы
бар қаланың жергілікті атқарушы органының басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде
келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды сәулет және қала құрылысы
саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның
құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы саласындағы
уәкілетті орган), ал аудандық маңызы бар қаланың әкімі – ауданның сәулет және
қала құрылысы саласындағы уәкілетті органына және жер қатынастары саласындағы
уәкілетті органына жібереді;
4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның және жер
қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар
келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
5) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты
орындаушысы:
2 (екі) жұмыс күні ішінде оны бекітілген қала құрылысы құжатына сәйкес
мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін екенін (мүмкін емес
екенін) айқындайды;
жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы:
2 (екі) жұмыс күні ішінде оны аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген
нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін)
айқындайды;
сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің
мүмкін еместігі айқындалған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін
қызметті алушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме
жасай отырып, сұралып отырған жер учаскесін бөліп берудің мүмкін еместігі себебін
негіздеп, оның жеке кабинетіне уәжді бас тарту жібереді;
6) сәулет және қала құрылысы саласындағы не жер қатынастары жөніндегі уәкілетті
органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер үлесін көрсете
отырып жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындайды және шешім
қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне
құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды және (жер учаскесін жалға не
сатып алған жағдайда) жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа
14 / 22
мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау үшін жер
қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолдайды;
8) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер үлесін
көрсете отырып, жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ
мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды және қол
қояды;
9) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және
жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату
немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану
шарты 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған
электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЖКК-дағы жеке
кабинетіне жіберіледі;
10) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні
ішінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді)
өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.
8. Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді)
өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын уақтылы жасамау не оларды
жасасудан бас тарту осындай шарт жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен
кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің
күшін жоюға негіз болып табылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға
көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру
жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік
қызмет көрсету мерзімнің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет
көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта
басталады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық
емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат
қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға
қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әрекетке
қабiлетсiз және (немесе) әрекет қабiлеті шектеулi деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін
мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер
немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға
сәйкес келмеген, тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы
ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) Қағидалардың 10-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген
жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе
әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
15 / 22
2) Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда –
мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне
енгенге дейін;
3) Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда –
анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды
мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі Қағидаларда
белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты
бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін
мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін
күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы
процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше
жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе
оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу
жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын
мерзімге қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емдеуде болған
жағдайда тоқтата тұрады.
13. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер
немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын
талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағына
сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін
қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша
көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар)
көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті
алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш және (немесе) құжаттар "цифрлық үкімет"
веб-порталы арқылы берілген жағдайлар кірмейді.
Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні көзделеді, ол
мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған
күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған
кезден бастап қайта басталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған кезден бастап 1 (бір) жұмыс
күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті
беруші өтінішті және құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
14. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бас тарту үшін негіздер
болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Заңның 19-1-бабына сәйкес тыңдау
рәсімін өткізбестен, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден
уәжді бас тартуды жібереді.
16 / 22
Уәжді бас тартуда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден
уәжді бас тарту туралы шешім қабылдаған негіздемелері бар негіздердің толық
тізбесі сондай-ақ шағымдану мерзімдері мен тәртібі көрсетіледі.
15. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер
бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің
цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің
енгізілуін қамтамасыз етеді.
17. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидалар бекітілген
немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген
өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің"
цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және
Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
18. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық
инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы
хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші
басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау
жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің
(бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін
қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе)
лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде
шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылдаса,
әкімшілік әрекет жасаса шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік
органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
20. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына
сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті
орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті
органның, көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қарау мерзімі Заңның
25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып
17 / 22
тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын
мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша
өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден
бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту
себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы
жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық
нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
21. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа
дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Ортақ үлестік меншіктегі
немесе ортақ үлестік жер
пайдаланудағы жер
учаскесіндегі жер үлесін
ресімдеу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
"Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер
учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің атауы
"Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер
пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу".
2 Көрсетілетін қызметті берушінің
атауы
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық
маңызы бар қалалардың кенттердің, ауылдардың,
ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін
қызметті беруші).
3 Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің кіші түрінің атауы (бар
болса)
Жоқ.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету
тәсілдері
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан
әрі – портал).
5 Мемлекеттік қызметті көрсету
мерзімі
11 (он бір) жұмыс күні ішінде.
6 Мемлекеттік қызметті көрсету
нысаны
Электрондық (ішінара цифрландырылған).
18 / 22
7 Мемлекеттік қызметті көрсету
нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің жер үлесін көрсете
отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және
(жер учаскесін жалға не сатып алған жағдайда) жер
қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қолы
қойылған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша
(қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер
пайдалану шарты не мемлекеттік қызметті көрсетуден
уәжді бас тарту.
8 Мемлекеттік қызметті көрсету
кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлемақы
мөлшерін және Қазақстан
Республикасының заңнамасында
көзделген жағдайларда оны алу
тәсілдері
Тегін.
9 Көрсетілетін қызметті берушінің
және цифрлық объектілердің
жұмыс графигі
Порталдың – техникалық жұмыстарын жүргізуге
байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік
бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты
аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері
жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік
қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні
жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының
мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz
интернет-ресурсында;
3) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталында
орналастырылған.
10 Мемлекеттік қызметті көрсету
үшін көрсетілетін қызметті
алушыдан талап етілетін құжаттар
мен мәліметтердің тізбесі
Порталға:
1) осы бұйрықпен бекітілген "Ортақ үлестік меншіктегі
немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер
учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ
үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін
ресімдеуге өтініш;
2) сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі
(жер учаскесінің уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа
мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісі немесе
жер-кадастрлық жоспары);
3) жер қатынастары саласындағы жеке және заңды
тұлғалармен айқындалған жер үлесі есебінің
электрондық көшірмесі;
4) жер учаскесін жеке меншік құқығына сатып алу
жағдайында жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны
актісінің немесе жалдау төлемі есебінің электрондық
көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
19 / 22
анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы,
дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде
қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді
көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік
цифрлық жүйелерден талап етеді.
11 Мемлекеттік қызметті көрсетуден
бас тарту үшін Қазақстан
Республикасының заңдарында
белгіленген негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті
алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы
деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе)
мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған
деректер мен мәліметтердің Қазақстан
Республикасының Жер кодексінде және осы
Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер
және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті
көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі
дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік
қызметті алуды талап ететін қызметке немесе
қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы
заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімнің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың
заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан
айырылады.
6) осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген негіз
бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру
мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктерді
жоймау.
12 Мемлекеттік қызмет көрсету,
оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін мемлекеттік
қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып, өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет
көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты
қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы жеке
кабинеті, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы
арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары
порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:
1414, 8 800 080 7777.
20 / 22
"Ортақ үлестік меншіктегі
немесе ортақ үлестік жер
пайдаланудағы жер
учаскесіндегі жер үлесін
ресімдеу" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
__________________әкіміне
(облыс, қала, аудан, кент, ауыл,
ауылдық округ)
____________________________
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не заңды
____________________________
тұлғаның толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның, сондай-ақ
заңды тұлғаның немесе өкілінің
жеке басын куәландыратын
құжаттың деректемелері
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
____________________________
орналасқан жерінің мекенжайы
(заңды тұлғалар үшін) не
____________________________
тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))
Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер
учаскесіндегі жер үлесін ресімдеуге арналған өтініш
_______________________________________________________________
(жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы, кадастрлық нөмірі)
__________________________________________________________ орналасқан
алаңы __________ гектар, оның ішінде жер учаскесінің үлесі _______ гектар мемлекеттік
меншіктегі/ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер
учаскесін/жер учаскесіндегі жер үлесін
________________________________________________________________ үшін
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
ресімдеп беруіңізді сұраймын.
Дербес деректерімді және "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға
берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік көрсетілетін
21 / 22
қызметті алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға
қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды
тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі,
электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Өтінішке жария кадастрлық картада қалыптастырылған жер учаскесінің схемасы
қоса беріледі.
Өтініштің берілген күні: ________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________
_____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)