Жетісу облысы Қаратал ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, сәйкес, Қаратал аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратал ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентітері бекітілсін.
  2. Қаратал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 469 «Жетісу облысы Қаратал ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының қаулының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Қасымжановқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы 2027 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/documents/details/1093181?lang=kk