Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде КР ДСМ 25.06.2024 №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың қыркүйек айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №9 санды 27.10.2026ж қаулының орындалуын қадағалау мақсатында ҚР құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасында тіркелген 29.09.2026ж 2623560000602014/00080, Махамбет аудандық СЭББ-ының №25, 30.09.2026 жылғы тексеруді тағайындау актісі негізінде жүргізілді.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Махамбет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 01.10.2026 ж. – 30.10.06.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «072» шағынмаркеті, ЖК «Ізбасар Қ», Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Д.Қонаев көшесі №4
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында:
- «Станичное» Сусыны ультра пастерленген Атауы өнімді сатып алу актісінде жазылған. Таңбалау бойынша сәйкес емес. Зерттеу нәтижесі (№2260001028930419 28.09.2026 ж)
- СМЕСЬ СУХОФРУКТОВ ДЛЯ КОМПОТА. Атауы өнімді сатып алу актісінде жазылған. Таңбалау бойынша сәйкес емес. Зерттеу нәтижелері №2260001028930428 29.09.2026 ж)
- Весовой утиное филе. Атауы өнімді сатып алу актісінде жазылған. Таңбалау бойынша сәйкес емес. Зерттеу нәтижелері №2260001028930430 29.09.2026 ж)
- Окорочка куриные. Атауы өнімді сатып алу актісінде жазылған. Таңбалау бойынша сәйкес емес. Зерттеу нәтижелері (№2260001028930434 29.09.2026 ж)
- Голень весовые. Атауы өнімді сатып алу актісінде жазылған. Таңбалау бойынша сәйкес емес. Зерттеу нәтижелері (№2260001028930437 29.09.2026 ж.)
Аталған өнімдердің қадағалануынын қамтамасыз ететін ілеспе құжаттары, яғни жеткізуші жүкқұжаты тексеріске ұсынылмады және өнімдердің өндірілуі, сәйкестікті бағалауды, әкелуді, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асырған субъектілерді айқындауға мүмкіндік болмады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «072» шағынмаркеті, ЖК «Ізбасар Қ.С.» Ізбасар Қанат Сапарұлы, ЖСН: 720408300434
- Қабылданған шаралар: ЖК «Ізбасар Қ.С», Ізбасар Қанат Сапарұлына ҚР ӘҚБтКодексінін 203 бабының 1 тармағына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік шара алынды, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы берілді.