2026 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша
Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
атқарған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ағымдағы жылдың басынан бері 123 адамнан тұратын 26 отбасына жалпы сомасы 12,0 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Жеке оқу жоспарына сәйкес үйде оқытылатын мүгедектігі бар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 9 ата-анаға 454,1 мың теңге көлемінде төлем жүргізілді.
Жергілікті өкілді органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына қайғылы жағдайларға байланысты, тамақтануға және емделуге материалдық көмек көрсетіледі. 2026 жылдың басынан бері жоғарыда аталған көмек түрлері бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен қиын өмірлік жағдайға тап болған 89 адамға жалпы сомасы 10 621,5 мың теңге, сондай-ақ мерекелік күндері 533 адамға жалпы сомасы 13 536,7 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Приозерск қаласында барлығы 308 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде:
І топ – 32 адам;
ІІ топ – 107 адам;
ІІІ топ – 128 адам;
мүгедектігі бар балалар – 41 бала.
Жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес техникалық оңалту құралдары мен қызметтеріне мұқтаж мүгедектігі бар адамдардың қажеттілігі 227 адамды құрады. Оның ішінде 178 адам қамтамасыз етіліп, орындалу көрсеткіші 78,5%-ды құрады.
Протездік-ортопедиялық құралдар алуға 43 адам өтініш білдіріп, оның 39-ы қамтамасыз етілді, бұл 90,7%-ды құрады.
Сурдотехникалық құралдар алуға 5 адам өтініш білдіріп, барлығы 5 адам қамтамасыз етілді, орындалу көрсеткіші – 100%.
Тифлотехникалық құралдар алуға 7 адам өтініш білдіріп, оның 3-і қамтамасыз етілді, орындалу көрсеткіші – 42,8%.
Арнайы жүріп-тұру құралдарын алуға 2 адам өтініш білдіріп, екеуі де қамтамасыз етілді, орындалу көрсеткіші – 100%.
Гигиеналық құралдар алуға 68 адам өтініш білдіріп, оның 67-сі қамтамасыз етілді, орындалу көрсеткіші – 98,5%.
Санаторий-курорттық емделуге 92 адам өтініш білдіріп, оның 52-сі қамтамасыз етілді, орындалу көрсеткіші – 56,5%.
Қозғалу кезінде қиындықтары бар I топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету бойынша 8 адам өтініш білдіріп, барлығы қамтамасыз етілді, орындалу көрсеткіші – 100%.
Ымдау тілі маманының қызметін алуға 1 адам өтініш білдіріп, қызметпен толық қамтамасыз етілді, орындалу көрсеткіші – 100%.
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 3 мүгедектігі бар адам Қарқаралы және Балқаш қалаларындағы оңалту орталықтарына жіберілді.
Инватакси қызметімен 22 адам қамтылып, көрсетілген қызметтің жалпы сомасы 7,0 млн теңгені құрады.
«Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ-де 7 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олар бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және қарт адамдарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Үйде қызмет көрсетумен барлығы 45 адам қамтылған, оның ішінде 1 мүгедектігі бар адам, 5 мүгедектігі бар бала және зейнеткерлер бар.
2026 жылдың басынан бері еңбек иммигранттарына рұқсат беру және қолданыстағы рұқсаттарды ұзарту бойынша 131 адам өтініш білдірді.
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азамат мәртебесін растайтын куәлік алу үшін 1 адам өтініш білдірді.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік тапсырыс аясында мерекелік іс-шаралар өткізіледі. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүгедектігі бар 41 балаға мерекелік түскі ас, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сыйлықтар (конструкторлар) мен жеміс-жидек себеттері табысталды. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 1 850,0 мың теңгені құрады.
Қала демеушілері тарапынан мүгедектігі бар адамдарға материалдық және заттай көмек көрсетіледі. Демеушілік қаражат есебінен қайырымдылық акциясы аясында 89 аз қамтылған отбасы мен мүгедектігі бар адамдарға азық-түлік себеттері түрінде заттай көмек көрсетілді.
«Жанетта М» стоматологиясы тарапынан азаматтарға тегін стоматологиялық қызметтер көрсетіледі.
Мүгедектігі бар адамдарға өз құқықтарын басқа азаматтармен тең дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік жасау мақсатында Приозерск қаласында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыс екі кезеңнен тұрады: нысандарды паспорттау және бейімдеу.
Барлық нысандар туралы мәліметтер «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталына енгізілген.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес Приозерск қаласында 10 нысанды бейімдеу жоспарланған.
2026 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді, бұл жоспарланған нысандардың жалпы санының 60%-ын құрайды.
2026 жылдың басынан бері әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мониторингтік жұмыс тобы 8 рейдтік іс-шара өткізді.
Нысандарды бейімдеу кестесі
|
№ |
Нысанның атауы |
Бейімдеу мерзімі |
|
1 |
Приозерск қаласының полиция бөлімі |
Маусым |
|
2 |
«Легенда» дүкені |
Шілде |
|
3 |
«Альфа» дүкені |
Тамыз |
|
4 |
«Coffe u Adiny» кафесі |
Қыркүйек |
|
5 |
Мемлекеттік кірістер басқармасы |
Қазан |
|
6 |
Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Приозерск қалалық бөлімі |
Қазан |
|
7 |
ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің «Приозерск қалалық қазынашылық басқармасы» РММ |
Қазан |
|
8 |
«Ақбосаға» кафесі |
Қараша |
|
9 |
«Аль-Сафи» кафесі |
Қараша |
|
10 |
«Гавайи» демалыс аймағы, қонақ үйі |
Қараша |
2026 жылдың басынан бері жоспарға сәйкес әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның 2 кезекті отырысы өткізілді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері арасында әлеуметтік шиеленістің туындау тәуекелдерін, еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырып, қаладағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының ахуалына жүйелі түрде бақылау жүргізуде.
Приозерск қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Р. Ахметова
Исп. А. Литош
87103952694