Қызылорда облысының 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдау туралы 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №212 қаулы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағын 1-12) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мақұлдансын.
2. «Қызылорда облысының экономика жене қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналиновке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қызылорда облысының әкімі                                       М. Ергешбаев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-economy/documents/details/1092955?lang=kk