«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі және Молдагалиева Алияның 2026 жылғы 26 тамыздағы №ЖТ-2026-03707861 өтініші негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Молдагалиева Алияның Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Өтен Ақтоғайұлы №75 мекен жайында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-025-5036 көлемі 0,0456 га, дүкен құрылысы үшін берілген жер учаскесі автомобиль жолымен беттесуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2027 жылдың 22 сәуіріне дейін деп айқындалсын.
4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Жылыой ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Қаражанов