Положение отдела связи и цифровой инфраструктуры КГУ «Управление цифровых технологий акимата Северо-Казахстанской области»

«Солтүстік Қазақстан облысы  әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» КММ  байланыс және цифрлық инфрақұрылым бөлімінің ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Байланыс және цифрлық инфрақұрылым бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі – Басқарма) және Солтүстік Қазақстан облысында байланыс пен цифрлық инфрақұрылымды дамытуды жүзеге асырады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.

2-тарау. Байланыс және цифрлық инфрақұрылым бөлімінің міндеттері, құқықтары мен міндеттері

  1. Міндеттері:

Байланыс желілерін дамытуды және Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, облыстың ауылдық елді мекендерін байланыспен және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтуды кеңейту;

Облыстың цифрлық инфрақұрылымын дамытуды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

Инновациялар мен цифрлық жобаларды енгізуді қамтамасыз ету;

Бөлім қызметіне қатысты мемлекеттік саясатты танымал ету;

Облыстағы байланыс операторларымен, IT компанияларымен және басқа да мүдделі органдармен жұмыс байланысын ұйымдастыру;

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

облыстық, аудандық және басқа да мемлекеттік органдардан Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;

тиісті басшылардың келісімімен басқа қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлерін Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ Бөлім құзыреті шегінде жүзеге асырылатын іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға тартуға;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Бөлім өз қызметін жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға және осы Ереженің нормаларын қатаң орындауға және басшылыққа алуға міндетті.

  1. Функциялары:

байланыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобаларды, тұжырымдамаларды және стратегиялық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңнамалық актілерін, облыс әкімінің байланыс мәселелері бойынша шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Басқарманың байланыс және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметін талдау;

Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

облыстың цифрлық инфрақұрылымын дамыту және елді мекендерді байланыс және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша Цифрландыру офисінің ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына қатысу;

цифрлық жобаларды әзірлеуге қатысу;

Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

цифрлық жобалардың қажеттіліктерін талдау;

2023-2029 жылдарға арналған байланыс саласындағы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласындағы цифрлық трансформацияны дамыту тұжырымдамасының өз бағыттары бойынша іске асырылуын бақылау;

облыстың цифрлық инфрақұрылымын дамыту және елді мекендерді байланыс және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша материалдар мен ұсыныстар дайындау;

2023-2029 жылдарға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласындағы цифрлық трансформацияны дамыту тұжырымдамасы шеңберінде цифрлық жобаларды енгізу мен дамытуды қамтамасыз ету;

байланыс және цифрлық инфрақұрылым саласындағы Жол карталарын орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

облыстың елді мекендерін байланыс және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

облыстың ауылдық елді мекендеріндегі байланыс сапасын және интернет желісіне қолжетімділікті жақсарту мәселелері бойынша байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау;

облыстың елді мекендерін байланыс және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша есептер, анықтамалар және статистикалық ақпарат дайындау;

жергілікті атқарушы органдардың байланыс және цифрлық инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;

байланыс және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті органдармен және байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау;

цифрлық инфрақұрылымды дамыту және облыстың елді мекендерін байланыс және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру;

байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Бөлімге өз қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

3-тарау. Байланыс және цифрландыру бөлімінің қызметін ұйымдастыру

  1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлім:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінен, облыстық басқармалардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;

2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорымен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

  1. Бөлімді Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындайтын және қызметінен босататын бөлім басшысы басқарады.
  2. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
  3. Бөлім Басқарманың өзге құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық тұрғыда дербес, тікелей Басқарма басшысына бағынады.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-digital/documents/details/1092876?lang=kk