«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 02– 03.11.2026

Практикалық бағалау: 05.11.2026

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

«Көкшетау каласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау және орындау секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

мемлекеттік органдар аппараттарының бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және өзге де бағдарламалардың стратегиялық құжаттарға, ҚР бюджет заңнамасына, қолданыстағы заттай нормаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіктері мен бағыттарына сәйкестігін қарау және оларға қорытындылар дайындау. Инвестициялық ұсыныстар мен жобаларға бағалау және экономикалық сараптама жүргізу; басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру. Мемлекеттік органдар аппараттарын және өзге де бағдарламаларды ұстауға арналған шығыстар бойынша қалалық бюджет жобасына ұсыныстар әзірлеу. Сектор құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық анықтамалар, материалдар, ақпарат дайындау. Қаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде жетекшілік ететін бағыттар бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша талдау жүргізу және ақпарат қалыптастыру. Бюджетті әзірлеу, бекіту, нақтылау және түзету кезінде бюджеттік комиссияның отырысына материалдар дайындау. Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, Жоғары тұрған органдардың, бөлім басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау

 

Білімі бойынша талап:

 

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) саласында

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

еңбек өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5586614988

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/documents/details/1092860?lang=kk