Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2026 жылғы қаңтар – қыркүйекте өнеркәсіп өнімдері 2685,0 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 86,9%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 84,9%, өңдеу саласында 100,4% құрады.

Газ өндірісінің көлемі 16160,3 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 16,4%-ке төмен, газ конденсаты – 7886,4 мың тонна немесе 82,7%.

  • Резеңке және пластмасса бұйымдары – 18,1%-ке, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 7,1%-ке, дайын металл бұйымдар өндірісі – 6,8%-ке, машина жасау – 3,1%-ке, тамақ өнімдері – 7,5%-ке, жиһаз – 3,1%-ке өсуі байқалады.
  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 281,6 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 105,4% құрады.
  • Негізгі капиталға инвестициялар 539,5 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – қыркүйек деңгейінен 3,2%-ға өсті.
  • 2026 жылы жалпы сомасы 426,9 млрд. теңгеге 2036 жұмыс орын құрумен 38 жоба іске асыру жоспарлануда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 қазанына 12,5%-ке төмендеді және 52,0 мың бірлікті құрады.

  • ШОБ субъектілерімен 2026 жылдың қаңтар-наурызында 649,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 11,9%-ке төмен.
  • 443,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар – қыркүйегіне 103,5%.
  • Құрылыс жұмыстарының көлемі 264,7 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 7,0%-ға көп.
  • Бөлшек тауар айналымының көлемі 492,0 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,0% құрады.
  • ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар – тамызда 4817,7 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға төмендеді.
  • Көлік қызметінің көлемі 170,5 млрд теңгені немесе 95,0% құрады. 25,6 млн тонна жүк және 46,2 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 94,1% және 102,1%.
  • Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 107,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,4%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар – 9,5%-ке, ақылы қызметтер – 7,4%-ға.

Мемлекеттік бюджетке қаңтар-қыркүйек айларында 378,1 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 87,9%), соның ішінде республикалық бюджетке – 204,8 млрд. теңге (82,2%), жергілікті – 173,3 млрд. теңге (95,8%).

  • Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 5,1%. Есепті кезеңде 9784 жұмыс орны құрылды, 17 404 адам жұмысқа орналастырылды.
  • 2026 жылғы ІІ тоқсандағы орташа айлық еңбекақы 402 028 теңге құрады немесе 2025 жылғы сәйкесінше деңгейіне 106,1%.
  •  

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-economy/documents/details/1092763?lang=kk