Тұмау – ауа-тамшы жолымен таралатын және күрделі асқынуларға әкелуі мүмкін жедел жұқпалы ауру. Ол әсіресе балалар, қарт адамдар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар жандар үшін өте қауіпті.
Вакцинация – тұмаудың және оның ауыр зардаптарының алдын алудың ең тиімді жолы. Вакцина ағзаға иммундық қорғаныс қалыптастыруға көмектеседі, бұл өз кезегінде ауруды жұқтыру, ауруханаға жату немесе асқынулардың пайда болу қаупін азайтады.
Тұмау вирустары жыл сайын өзгеріп отырады, сондықтан вакциналардың құрамы айналымда болады деп болжанған штамдарды ескере отырып жаңартылып тұрады. Вакцина алғаннан кейін қорғаныс иммунитетінің қалыптасуына шамамен екі апта уақыт қажет.
Егер вакцина алған адам тұмаумен ауырып қалған күннің өзінде, вакцина аурудың жеңіл өтуіне ықпал етіп, оның ауыр түрде даму ықтималдығын төмендетеді.
Алдын алу шаралары ретінде қолды жиі жуу, бөлмелерді желдету, ауырған адамдармен байланыстан аулақ болу және тыныс алу гигиенасын сақтау ұсынылады. Егер тұмау белгілері пайда болса, медициналық көмекке жүгініп, басқа адамдармен қарым-қатынасты шектеу қажет.
Тұмауға қарсы вакцинаның ауру тудырмайтынын есте сақтаған жөн. Вакцинациядан кейін екпе салынған жердің ауыруы, әлсіздік немесе дене қызуының аздап көтерілуі сияқты қысқа мерзімді реакциялар байқалуы мүмкін.
Өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына қамқор болыңыз! Уақытылы вакцинациялау — тұмаудың таралуын азайтуға және халықтың ең осал топтарын қорғауға бағытталған жауапты қадам.