2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы бойынша барлығы – 398 өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініштердің бөлінісі төмендегідей:
- аудан әкімі аппаратына – 186 өтініш
- дербес бөлімдерге – 109 өтініш
- ауылдық округ әкімдіктеріне – 103 өтініш
Бекітілген кестеге сәйкес Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
2026 жылдың 9 айында 31 жеке қабылдау өткізіліп , 85 азамат қабылданды. Аудан әкімінің қабылдауында болған барлық азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Азаматтарды қабылдау орталығында дербес бөлім басшылары 44 азаматқа жеке кеңес берді.
Жеке қабылдаулар барысында көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, электрмен жабдықтау, жұмыспен қамту және материалдық көмек көрсетуге қатысты болды.