СЕМІЗДІКПЕН КҮРЕС: САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ РӨЛІ

Семіздік – қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл тек сыртқы келбетке қатысты мәселе ғана емес, сонымен қатар 2-типті қант диабетінің, жүрек-қан тамырлары ауруларының, артериялық гипертензияның және басқа да денсаулық бұзылуларының дамуына әкелетін қауіп факторы болып табылады.

Салауатты өмір салты семіздіктің алдын алуда маңызды рөл атқарады; ол теңгерімді тамақтануды, жүйелі дене белсенділігін және күн тәртібін тұрақты сақтауды қамтиды.

Денсаулықты нығайту үшін көкөністерге, жемістерге және дәнді дақылдардан жасалған өнімдерге басымдық беріп, қант қосылған сусындарды, сондай-ақ құрамында қант, тұз және қаныққан майлар мөлшері жоғары тағамдарды тұтынуды шектеген жөн. Сонымен қатар, тамақтану кестесін тұрақты ұстану және тағам мөлшерін (порция көлемін) бақылау да өте маңызды.

Дене белсенділігі дене салмағын қалыпты деңгейде ұстап тұруға және жалпы әл-ауқатты жақсартуға көмектеседі. Тұрақты түрде жаяу жүру, жаттығулар жасау, велосипед тебу және басқа да дене белсенділігі түрлері созылмалы аурулардың даму қаупін азайтуға ықпал етеді.

Ерте жастан бастап салауатты әдеттерді қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Ата-аналар өз іс-әрекеттерімен үлгі бола отырып, балаларына дұрыс тамақтану, белсенді демалыс және өз денсаулығына ұқыпты қарау мәдениетін сіңіре алады.

Жеткілікті ұйықтау, күйзелісті азайту және медицина мамандарының қарауынан тұрақты түрде өтіп тұру да маңызды. Егер артық салмағыңыз немесе семіздігіңіз болса, жеке кеңес алу үшін дәрігерге қаралу ұсынылады.

 

Семиздіктің алдын алу күнделікті әдеттерден басталады.

Өмір салтындағы тіпті шағын өзгерістердің өзі адамның денсаулығы мен өмір сүру сапасына оң әсерін тигізе алады.

Салауатты өмір салты – уақытша шара емес, белсенді ұзақ өмір сүру мен әл-ауқат жолындағы саналы таңдау!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/documents/details/1092667?lang=kk