Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ӨКІМ

Сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау

жүргізу туралы

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында                   ӨКІМ ЕТЕМІН:

1.   Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының аппаратында 2026 жылдың қыркүйек айының 21-30 күндері аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.

2.   Ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы мынадай құрамда бекітілсін:

Жұмыс тобының төрағасы: мәслихат төрағасы Б.Ахметов

Жұмыс тобының мүшелері:

аппарат басшысы Ж.Женисова

бас маман С.Курбанбаев

бас маман М.Тастаганова

бас маман А.Сабырбай

бас маман Ф.Алияс

3.   Жұмыс тобына нормативтік құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу, тәуекелдерді анықтау, олардың себептері мен жағдайларын айқындау және ұсынымдар әзірлеу тапсырылсын.

4.   Талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.

5.   Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат басшысы Ж.Женисоваға жүктелсін.

 

 

Мәслихат төрағасы                                 Б.Ахметов

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-enbekshikazah/documents/details/1092637?lang=kk