Ақпараттық хабарлама
Амангелді ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес конкурс өткізеді. Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген ереженің 2-тарау 9-тармағына және Жер Кодексінің 43-1 бабының 6 тармағында көрсетілгендей конкурс Қостанай облысы,Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Майлин көшесі 14, (Амангелді ауданы әкімдігінің 3 қабаты мәжіліс залы) мекен-жайы бойынша 2026 жылдың 22желтоқсанында сағат 10:00-де өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 30қарашаданбастап 2026 жылғы 21желтоқсанаралығында (қабылдау уақыты 9.00-ден 18:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14:30-ға дейін ) онбес жұмыс күні ішінде өткізіледі. «Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мына мекен-жай бойынша: Қостанай облысы Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Майлин көшесі 14.Конкурсқа қатысуға өтінім2015 жылғы 24 қарашадағы«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қағаз жеткізгіште, қолма-қол, не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. Конкурсқа қатысу үшін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерге сәйкес, конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныстар ұйымдастырушыға белгіленген мерзімнің соңына дейін басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қолма-қол тапсырылады.
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығынаҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 261 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеніне назар аударамыз.
Конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізімі
|
№ р/н |
Орналасқан жері |
Алаңы, га |
Алқаптардың құрамы,оның ішінде |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Орташа балл бонитеті |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Жалға беру мерзімі; жыл |
||||||||||
|
Егістік, га |
Жайылымдық,га |
Шабындық, га |
Басқа алқаптар, га |
|||||||||||||||
|
1 |
Амантоғайа.о |
135 |
135 |
- |
- |
- |
Қоңыр топырақтар |
21 |
Жоқ |
Егін шаруашылығы |
48 |
|||||||
|
2 |
Амантоғайа.о |
236 |
236 |
- |
- |
- |
Қоңыр топырақтар |
23 |
Жоқ |
Егін шаруашылығы |
48 |
|||||||
|
3 |
Амантоғайа.о |
350 |
350 |
- |
- |
- |
Қоңыр топырақтар |
23 |
Жоқ |
Егін шаруашылығы |
48 |
|||||||
ЕСКЕРТПЕ
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін
мынадай құжаттар ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста:
1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал
басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен
технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың
болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл
шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындаужөніндегіміндеттемелер;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларынжәнежайылымдардыұтымдыпайдалану қосаалғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау,өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егісалаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштердіорындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық жәнекарантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныстыңбеттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесеөшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстыңсоңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен жәнемөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурстық ұсыныс жабық конвертте "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.Конкурска шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жер қатынастары бөлімінінен ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.
Конкурстық құжаттама туралы ақпаратты https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat?lang=ruвеб-сайытынан алуға болады. Ақпарат үшін телефон 8(71440) 21-2-76