«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге;
3) көліктік шығыстарға - 80 000 (сексен мың) теңге.
- Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, қалалар мәслихаттарының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 26 қазан
№ 66/116