Құрметті тұрғындар, салынған жеке тұрғын үйлердің иелері !!!

Салынған тұрғын үйлерді белгіленген тәртіппен құжаттарын рәсімдеу қажеттілігі туралы еске саламыз. ҚР 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексінің 132, 133-бабына сәйкес құрылысы аяқталған объект заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдануға жатады. Бекітілген пайдалануға қабылдау актісінсіз салынған объектіні пайдалануға жол берілмейді.

Аталған Кодексін 133-бабына сәйкес меншік иесі техникалық жағынан күрделі емес объектілерге жататын құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдауды дербес жүзеге асырады.

Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізе отырып, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органда міндетті есепке алынуға жатады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тиісінше ресімдеу мақсатында рұқсат беру құжаттамасын ресімдеуді және жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдауды ресімдеуді, сәулет және қала құрылысы органдарында қабылдау актісін есепке алуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін тіркеуді жүзеге асыруды ұсынамыз.

Тұрғын үйді ресімдеу заңды меншік құқығын, сондай-ақ мәмілелер жасау және өзге де қызметтерді алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Қажетті құжаттар тізімі және рәсімдеу тәртібі бойынша кеңес алу үшін Сіз объектінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгіне аласыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/documents/details/1092250?lang=kk