Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (23.09.2026ж-20.10.2026ж)

Халықтыңсанитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына 7-қосымша

 

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі «Белгісіз этиологиялы химиялық затпен жедел ингаляциялық улану» диагнозымен 22.09.2026 ж. келіп түскен шұғыл хабарлама.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ

 

  1. Тартылған сарапшылар(деректерді пайдалануға келісім)

Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің             Өндірістік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің басшысы, Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Өндірістік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің бас маманы.

  1. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 23.09.2026 жылдан бастап 20.10.2026  жылға дейін.
  2. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «VG SERVICE» ЖШС.

 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Атырау қаласы, Атырау–Доссор трассасы, 295-құрылыс мекенжайында орналасқан дайын жөнелтуге арналған химиялық өнімдерді сақтау қоймасы жеке тұрған бір қабатты ғимаратта орналасқан. Қоймадағы қызметті ТОО «VG SERVICE» 2025 жылғы 29.04.2025 ж. № 1077210/2025/1 қызмет көрсету шарты негізінде жүзеге асырады.
    Тергеп-тексеру барысында өндірістік бақылау бағдарламасына технологиялық процестің сипатын ескере отырып, жабық үй-жайлар мен жұмыс аймағы ауасындағы негізгі ластаушы заттардың құрамын бақылау, полимер шаңын бақылаудан басқа, енгізілмегені анықталды. Сонымен қатар жабық үй-жайлар мен жұмыс аймағы ауасының сынамаларын алу және зерттеу хаттамасына (2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 2260001038929348) сәйкес, алынған ауа сынамаларында формальдегид, метан, көміртек оксиді, этан қышқылы, ксилол, азот оксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутек және фенол бары анықталды, олардың құрамы белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайды. Осылайша, өндірістік бақылау бағдарламасы шеңберінде жабық үй-жайлар мен жұмыс аймағы ауасындағы көрсетілген химиялық заттардың құрамына өндірістік бақылау көзделмеген, бұл өндірістік ортаның химиялық факторларының қызметкерлерге ықтимал әсерін жүйелі бақылауды қамтамасыз етпейді (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 8, 10, 12-тармақтары бұзылған).

«VG SERVICE» ЖШС жұмыс берушісі қызмет көрсететін медицина ұйымымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен бекітілген «Міндетті медициналық қарап-тексерулерден өтетін адамдардың мақсатты топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, жұмысқа қабылдау кезінде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуге жататын адамдардың тізімін жасаған жоқ. Тізім Кодекстің 86-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін, жұмысқа қабылдау кезінде алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін басшылыққа ала отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен кейіннен келісе отырып жасалуға тиіс еді.

Жұмыскерлердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтауды, жалпы және кәсіптік аурулардың алдын алуды, жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуына жол бермеуді қамтамасыз ету мақсатында жұмыскерлерге мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексеру жүргізілмеген, бұл 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен бекітілген жоғарыда аталған санитариялық қағидалардың 10, 20-тармақтарын бұзу болып табылады.

Полипропиленмен қауіпсіз жұмыс істеу паспортының ұсынымдарында тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану көзделген, алайда «VG SERVICE» ЖШС жұмыскерлері жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдаланбай жұмыс орындауға жіберілген. Ұсынылған полипропиленнің қауіпсіздік паспортына сәйкес шаңды және термиялық ыдырау өнімдерін жұту тыныс алу органдары мен көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін, бұл № ҚР ДСМ-72 санитариялық қағидаларының 43-тармағының талаптарын бұзу болып табылады.

 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «VG SERVICE»ЖШС.

 

  1. Қабылданған шаралар: «VG SERVICE» ЖШС-ға қатысты 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 262312030015749 улану оқиғасының тіркелуі негізінде № 262312031000626 қылмыстық іс қозғалғандықтан, қылмыстық іс аяқталғанға дейін шаралар қабылдау тоқтатылды.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1092211?lang=kk